2023 жылғы 04 шілдеде "Аршалы аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК қызметкерлерімен "Денсаулық сақтаудағы сыбайлас жемқорлық" тақырыбында аурухана қызметкерлерімен дәріс өткізілді.
Дәріс барысында қызметкерлердің назарына денсаулық сақтаудағы сыбайлас жемқорлықтың неғұрлым типтік түрлері, сондай-ақ өз қызметі үшін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін және лауазымды деп атауға болатын қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік жеткізілді.
Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Ағымдағы 2023 жылдың басынан бастап әлемнің әртүрлі өңірлерінде, оның ішінде таяу шет елдерде (Украина, Қырғызстан, РФ және Тәжікстан), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бойынша (Қарағанды, Жетісу, Абай, Ақмола және Жамбыл облыстары) қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы күрделене түсті. Көрші елдерде аурудың алғашқы жағдайлары қаңтар айында Ресей Федерациясының Новосибирск облысында тіркелген. 27.03.2023 жылғы жағдай бойынша ҚР бойынша қызылшаға күдікпен 145 жағдай тіркелді, оның ішінде зертханалық расталған – 75 (14 жасқа дейінгі балалар арасында – 68, ересектер арасында – 7). 69% – да (52 жағдайда) вакцинацияланбаған балалар ауырып қалды, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 35, медициналық қарсы көрсетілімдер – 11, егу жасына жетпеу себебінен-6, 12% - да (10 жағдайда) егу мәртебесі белгісіз адамдар ауырып қалды. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша қызылша ауруының 2 күдікті жағдайы тіркелді. Аурудың жоғарылауына байланысты Мен сізге "қызылша" деген не екенін және "өзіңізді және жақындарыңызды осы аурудан қалай қорғауға болатынын"еске салуды қажет деп санаймын.
Аршалы кенті және Аршалы ауданының тұрғындарының назарына!!!
ШЖҚ МКК «Аршалы аудандық ауруханасының» ресми сайтында және ресми интернет-ресурстарында 01.03.2023 жылы "Аршалы аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК-нің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп орналастырылады.
2022 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Аурухананың 2022 жылғы қызметі туралы есепті жария талқылау басталады.
Қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Пікірлер Instagram (Аршалы аудандық ауруханасы) Instagram (@arshalynskaya_rb) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайына қабылданады: http://www.arshcrb.kz
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады.
Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады.
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
2 бет. Барлығы: 3