Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Терапия бөлімшесі

Невропатологдәрігер

Шубина Инна Анатольевна

Терапия бөлімшесінде аурудың алдын алуға және науқасты толық тексеруге, дұрыс диагноз қоюға, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупінің деңгейін анықтауға барлық мүмкіндік жасалған.

Біздің бөлімшеде бүкіл әлемде мойындалған әрі құрметтелетін ресей классикалық медициналық мектебінің салт-дәстүрлерін сақтайтын, науқастарды диагностикалау, емдеу және кейіннен қадағалаудың ультразаманауи әдістерін меңгерген біліктілігі жоғары медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Бөлімше 34 төсекке есептелген.

Терапиялық төсектер:
Кардиологиялықоңалту, эндокриндік.
Неврологиялық

Бөлімшенің орта білімді медициналық қызметкерлермен толықтырылғандығы - 100%, бұл науқастарға уақытылы күтім жасауға және жоғары білікті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлімшеде 6 мейірбике жұмыс істейді, олардың 2-еуі жоғары санатты, 2 – І-санатты, 2 – ІІ-санатты.

Науқастар барлық санитариялық және гигиеналық нормаларға сәйкес келетін палаталарға жайғастырылады. Бөлімшеде емдеуді заманауи деңгейде жүргізу үшін жаңа шыққан дәрі-дәрмектердің толық спектрі бар. Заманауи препараттар (Арикстра; Тиоктацит; 4-ұрпақтың ИАПФ) мен емдеу әдістері (артериялық гипертензияны емдеу; кардиологиялық науқастарға – тромболизистік терапия) қолданылады.

Бөлімше науқастарға жедел көмек көрсетуге және жоспарлы ем жүргізуге мүмкіндік беретін бақылаушы-қадағалаушы аппаратурамен және құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Бөлімше мынадай заманауи аппараттармен жабдықталған:
Кардиомонитор, дефибриллятор, мөлшерлеуіш, ЭКГ, небулайзер (көбінесе бронх демікпесі асқынбаларын шұғыл емдеуге арналған, күн сайынғы ем жүргізу үшін, дәрі-дәрмек дозаларын өлшеу үшін), қандағы қантты анықтайтын «акучек», функционалдық төсектер.