Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Пациенттерді қолдау қызметі

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес емделушілерді қолдау қызметі құрылды.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ функциясына медициналық көмек көрсету сапасындағы бұзушылықтардың мән-жайын анықтау кіреді.

Осыған байланысты, егер Сіз:

- медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;

- емхананың медициналық қызметкерлері тарапынан дөрекілікке жолықсаңыз;

- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлер тарапынан бопсалап ақша алу жағдайына соқтығыссаңыз;

- сонымен қатар, Сізде медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да сұрақтарыңыз туындаса, онда Сіз емхананың 38 кабинетіндегі ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.

Емхана кіреберісіндегі «Пациент бұрышы» үстеліндегі өтініштерді тіркеу журналына аты-жөніңіз бен байланыс деректеріңізді көрсете отырып, өз өтінішіңізді қалдыра аласыз, сонымен қатар өтінішіңізді біздің www.arshcrb.kz сайтында да қалдыруыңызға болады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің өтінішіңізді қарап, өтінішті қарау нәтижесі бойынша Сізге ақпарат береді.

Сіз ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ төмендегі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз:

8 (716) 44-2-21-34

8 (716) 44-2-05-41

 

Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі (ПҚҚ)?

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады.

Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады.

 

Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті қандай?

ПҚҚ-нің міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Бұл өтініштер мен шағымдарды қарау, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеу ПҚҚ-нің міндетіне кіреді.

 

Пациент қай кезде ПҚҚ-ға хабарласа алады? Егер...

 

сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе

сізді учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса

учаскелік дәрігер / медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болсаңыз да, үйге шақырту қызметін көрсетпесе

сіз бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болсаңыз

сізге денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе

жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса

дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса

сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз

егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болсаңыз

сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз

жалпы, сізді медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне хабарлассаңыз болады

 

Көптеген жағдайлар жазбаша өтініш беруді қажет етпейді, бірақ пациенттің қолдау қызметі қызметкерінің іс-әрекеттерінің арқасында сол жерде шешіледі.