Негізгі міндеттері:
Жедел жәрдем станциясы тәуліктік тәртіпте жұмыс істейді.
Стансаның күнделікті жұмыс тәртібіндегі міндеттері:
1) Науқастанғандарға жедел медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру.
2) Халыққа жедел медициналық көмек көрсетудің әдістерін және ұйымдастыру түрлерін жетілдіру және дамыту,медқызметкерлер жұмысының сапасын жоғарылату.
Станция төтенше жағдайлар кезінде аймақтық медициналық апат орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Станция қажетті санитарлық- гигиеналық және эпидемияға қарсы белгіленген тәртіп бойынша іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді.
Негізгі қызметі:
Жедел жәрдемнің негізгі қызметтеріне жататындар:
1) емдік профилактикалық мекемеден тыс жерде ауырып қалған немесе зардап шеккендерге тәулік бойы алғашқы мекдициналық көмек көрсету;
2) шұғыл стационарлық көмекке мұқтаж науқастарды дер кезінде тасымалдау;
3) көмек сұраған науқастар мен зардап шегушілерге көмек көрсету.