Бөлімше меңгерушісі
жұқпалы аурулар дәрігері
Каст Людмила Викторовна
Жұқпалы аурулар бөлімшесінің орналасуы және жоспарлануы. Стационар ғимаратының 1-қабатында орналасқан. 15 төсекке есептелген.
Жұқпалы аурулар бөлімшесінің орналасуы және тәртібі жұқпа көзі болып табылатын науқастарды толығымен оқшаулауды қамтамасыз етуге және емдеуді дұрыс жүргізуге септігін тигізеді; сонымен қатар ауруханаішілік жұқпаның алдын алу үшін шаралардың бәрі қолданылған.
Әр жұқпалы аурумен ауыратын науқасты емдеуге жатқызарда келесі маңызды шарттарды орындау міндетті болып табылады.
Жұқпасы бар науқастарды ағымдық-өткізбе жүйе негізінде бокстарға қабылдап, орналастырады. Ондағы науқастар түскен сәттен ауруханадан шығарылғанға дейін басқа аурумен ауыратын науқастармен байланысқа түспеуі керек.
Жұқпалы аурулар ауруханалары жұмысының ағымдық-өткізбе жүйесінің қағидаттарына сәйкес науқас алғашқы санитариялық тазалаудан, оның киімдері жұқпасыздандыру мен микробсыздандырудан өткізіледі, бөлінділер залалсыздандырылады, оңтайлы терапия, қорытынды жұқпасыздандыру және шығарылар алдын бактериятаратушылыққа бақылау жүргізіледі.