Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Балалар бөлімшесі

Балалар бөлімшесінің меңгерушісі
І санаттағы педиатр дәрігер
Анишина Людмила Васильевна

Балалар бөлімшесінің жайлары емдеу корпусының 2-қабатында орналасқан. Бөлімше 12 төсекке ашылған, соның ішінде 3 бокс пен 3 палата бар. Барлық палаталар екі орындық барлық қолайлылықтары жасалған. Емшара кабинеті бар. Сондай-ақ шала туылған балаларға күтім жасау үшін арнайы палата жабдықталған. Балаларды бөлімшеде болатын уақыттарында дәрігер үнемі қадағалап отырады.

Балаларды психикалық-эмоционалдық тұрғыдан қолдау үшін арнайы ойын бөлмесі бар.
Пациенттерге уақытылы күтім жасалуын және жоғары білікті көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге бөлімшенің орта білімді медициналық жұмыскерлермен 100% толықтырылғандығы мүмкіндік береді.

Бөлімшеде науқастарға 4 білікті мейірбике күтім жасайды. Олардың 2-еуі бірінші санаттағы және 1-еуі екінші санаттағы мейірбикелер. Барлық медициналық жұмыскерлер бала жастағы ауруларды бірлесіп жүргізу бойынша оқытылған. Балалардың бөлімшеде болатын кезінде дәрігердің нұсқауымен ингаляция, массаж, физиологиялық емдеу шаралары жасалады.