2021 жылға "Аршалы АА" ШЖҚ МКК-нда
көрсетілген мемлекеттік қызметтер
туралы есеп
"Аршалы АА" ШЖҚ МКК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 04.11.2020 жылғы №ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес 12 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді (ҚР ДСМ 28.12.2015 жылғы №1046, 11.05.2017 жылғы №272, 27.06.2017 жылғы №464 және 07.12.2018 жылғы №ҚРДСМ -36 бұйрықтарының жаңартуларына сәйкес), ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне кіреді (ҚР Үкіметінің 09.02.2015ж № 45; 08.09.2015ж № 756, 31.12.2015ж № 1189; 12.12.2016ж № 816 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен).
2021 жылға барлығы - 180798 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
тегін –
1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу - 2516;
2. Дәрігердің қабылдауына жазылу - 153195;
3. Дәрігерді үйге шақыру - 5836;
4. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру - 168;
5. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру - 6017;
6. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру - 4904;
7. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру - 5213;
8. Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді және ағзаларды тірі кезінде ерікті түрде қайырмалдыққа алуға келісімді немесе келісімді кері қайтарып алуды тіркеу - 0;
9. Пациенттерге стационарға емделуге жолдама беру – 414;
10. Санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру — 30;
ақылы –
11. Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру – 151;
12. Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту – 2254;
Барлық көрсетілгендерден - 180798 мемлекеттік қызмет
www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы - 0, www.elicense.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы – 0, тікелей мемлекеттік орган арқылы – 180798, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұрынғы ХҚКО) арқылы - 0, қағаз түрінде – 2041, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 178757.
Қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандарттары бар стенд емхананың бірінші қабатында жалпыға қолжетімді жерде орналасқан.
Есепті жылда мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту және көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2021 жылда көрсетілген қызметтердің сапасы мен уақтылығы бойынша шағымдар тіркелген жоқ.
2021 жылға "Аршалы АА" ШЖҚ МКК-нда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп