Разделы

priem-ru

doctor-ru

Баннеры

gs rus

minzdrav-rus

akmol-zdrav-ru

egov ru

Погода

2020 жыл бойынша "Аршалы АА" ШЖҚ МКК-нда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепке аналитикалық анықтама

"Аршалы АА" ШЖҚ  МКК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 27.04.2015 жылғы №272 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді (ҚР ДСМ 28.12.2015 жылғы №1046, 11.05.2017 жылғы №272, 27.06.2017 жылғы №464 және 07.12.2018 жылғы №ҚРДСМ -36 бұйрықтарының жаңартуларына сәйкес), ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне кіреді (ҚР Үкіметінің 09.02.2015ж № 45; 08.09.2015ж № 756, 31.12.2015ж № 1189; 12.12.2016ж № 816 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен).
2020 жылы барлығы  - 144644 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
тегін

  1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу — 1989;
  2. Дәрігер қабылдауына жазу - 125093;
  3. Дәрігерді үйге шақыру - 1311;
  4. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру - 209;
  5. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру - 5388;
  6. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру - 4443;
  7. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру - 3441;
  8. Қайтыс болғаннан кейін тіндерді және ағзаларды транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру туралы келісімді және келісімнен бас тартуды тіркеу - 0;
  9. Шипажайлық-курорттық емге мұқтаждық туралы қорытынды беру - 77;  

            ақылы  –

  1.  Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру - 137;
  1. Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өту - 2556;

Көрсетілген барлық – 144644 мемлекеттік қызметтен:
www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы - 0, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы – 0,  тікелей мемлекеттік орган арқылы – 144644, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (бұрынғы ХҚКО) - 0, қағаз нысанда – 2979, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде  – 141665 қызмет көрсетілген.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету және олар туралы хабардарлықты арттыру мақсатында 2020 жылы аудандық аурухананың мемлекеттік қызмет көрсететін медициналық жұмыскерлерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері бойынша 2 (2020 жылдың маусым және қазан айларында) жұмыс мәжілісі (дөңгелек үстел) өткізілді. Одан басқа, жергілікті баспасөз құралдары бетінде, «Arshaly ainasy» №3 (683) 20-25.01.2020 жыл және №11 (691) 14.03.2020 жыл, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы жөнінде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) әрқайсысы 2000 адамды қамтыған (тиражы) 2 мақала жарық көрді. Қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі орналастырылған стенд емхананың бірінші қабатында жалпыға қолжетімді орында орналастырылған.
Аршалы аудандық ауруханасында мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне жауапты – 20 адам.
Мемлекеттік қызметті көрсететін жауапты медициналық жұмыскерлерді мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша келесі оқыту 2021 жыл ағымында мүмкіндікке қарай жоспарланған.
«Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүргізіледі.
Өткен 2020 жылда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту және мерзімдерін бұзу жағдайлары тіркелмеген.
Мемлекеттік қызметтің сапасыз көрсетілгеніне және уақытылы көрсетілмегеніне шағымдану жағдайлары 2020 жылда тіркелмеген.
           

"Аршалы аудандық ауруханасы»
ШЖҚ МКК бас дәрігері                                                                                       А. Анюхина

орын. Шайбек А.Ж. тел. 7-90-05

2020 жыл бойынша "Аршалы АА" ШЖҚ МКК-нда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепке аналитикалық анықтама

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить