Разделы

priem-ru

doctor-ru

Баннеры

gs rus

minzdrav-rus

akmol-zdrav-ru

egov ru

Погода

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША СҰРАҚТАРЫНА ЖАДНАМА

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

БОЙЫНША СҰРАҚТАРЫНА ЖАДНАМА

Ақмола облысы, 2018 жыл

Аударымдар мен жарналарды қалай төлейміз?

Жұмыс берушілер – өзгеріссіз. Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

 

 

Жеке кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады.Жеке кәсіпкерлер2018-2019 жылдары ЖКретінде өзі үшін жарна аудармайды,бірақ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%).

 

Жеке тұлғалар– жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады. Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

 

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

 

Шетелдіктерге медициналық көмекті көрсету тәртібі

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 88-бабы 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда көрсетілген тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (емханаға) еркін түрде тіркелуге жіне медициналық қызметтерді алуға құқығы бар.

Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмекті ұсыну тәртібі

I. ТМККК шеңберіндегібарлық азаматтар үшін медициналық көмек:

· жедел медициналық көмек және санитарлық авиация;

· алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

· жедел стационарды алмастыратын медициналық көмек;

· жедел стационарлықмедициналықкөмек;

· паллиативтік көмек.

Әлеуметтік мәні бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар бойынша:

1) консультациялық-диагностикалықкөмек;

2) амбулаториялық дәрі-дәмекпен қамтамасыз ету;

3) жоспарлық стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;

4) туберкулез ауруы бойынша медициналық оңалту.

 

II. Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакеті

 

1.консультациялық-диагностикалықкөмек;

2.ТМКККтысаурулар бойынша амбулаториялық дәрі-дәмекпен қамтамасыз ету;

3.ТМКККтысаурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек;

4.ТМКККтысаурулар бойынша жоспарлық стационарлық көмек;

5.Профиль бойынша ересектер мен балаларға арналған медициналық оңалту: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология и ортопедия.

 

Қандайбасымдылықты сақтандырылған азаматтар МӘМС ала алады?

1. Азаматтардың медицинаға арналған жеке шығындарының азаю

2. Медициналық көмектің тиімділігі және сапалығы

3. МӘМС пакеті сомаға шектелмейді және жарнаға тауелді емес

4. Жоғарытехнологиялық оталар МӘМС пакетіне кіреді

5. Қымбат тұратын диагностикалық қызметтер(КТ, МРТжәне т.б.) МӘМС пакетіне кіреді

6. Дәрігерді ерікті таңдау

7. Жеке меншік емдеу мекемелерінде тегін турде медициналық қызметтерді алуға болады

 

Медициналық қызметтерді көрсету

"Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтамалар беру" мемлекеттік қызметі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен енгізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және оның нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

 

МӘМС-ға арналған артық және қателікпен төленген

жарналарды/аударымдарды қайтару тәртібі

 

1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының«Әлеуметтік төлемдерді ведомствааралық есептеу орталығы» Департаментіне жүгіну қажет;

2. Ақшаны қайтару үшін растаушы құжаттардың қосымшасымен орнатылған түрде арызды толтыру қажет;

3. Мемлекеттік корпорациясы5 операциялық күннің ішінде есепке алынған деректі тексереді, сонан соң арыз «МӘМС» КЕАҚ жіберіледі;

4. Қордың арызды қарастыру мерзімі – 7 операциялық күн.

 

Кім жарналарды төлеуден босатылады?

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқалары мен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағыналған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Анадаңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалықжәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқуорнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

 

«Міндетті медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы

Халықты ақпараттандыру және өтініштерді

қарастыру бөлімі

 

Анықтама телефоны: 91-18-03