Разделы

priem-ru

doctor-ru

Баннеры

gs rus

minzdrav-rus

akmol-zdrav-ru

egov ru

Погода

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі

1.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі

 

«Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу реформасы «100 нақты қадам» - Ұлттық жоспарының 80 қадамы және 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты денсаулықты дамыту мемелекеттік бағдарламасы аясында жалғасуда.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ол 2 миллионға жуық адамның нақты статусы анықталмағаны. Тиісінше, олар мемлекет есебінен төленетін категорияға да жатпайды. Қазіргі таңда осы топтың нақты статусын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Миллиондаған өзін-өзі қамтамасыз ететін адамдардың медициналық сақтандырудан тыс қалдырмауы еліміздің негізгі мақсаты болып табылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі(МӘМС) – бұл халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе. МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. МӘМС жағдайындағы ортақ жауапкершілік қағидаты барлық сақтандырылған азаматтарға табыс пен төлем көлеміне қарамастан, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 

2. МӘМС бойынша заңнамалық өзгерістер

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Заңына 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №122 Заңымен өзгерістер енгізілгенін.МӘМС жүйесін енгізілуі 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді.

Жұмыс берушілер – өзгеріссіз. Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

Жеке кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады. Жеке кәсіпкерлер2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды, бірақ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды. Жеке тұлғалар – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады. Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

 

3. Жарналар мен төлемдердің сақталуы

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 қазанға дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 114 млрд теңгеге жетті.

Оның 105 млрд теңгесі (92,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (7,6%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

2017 жылдың 01 шілдесінен 2018 жылдың 31 қазанына дейін мерзімде Ақмола облысы бойынша жарналар мен төлемдердің жалпы сомасы – 4 млрд.тенгені құрайды, оның ішінде жұмыс берушілердің төлемдері 3,6 млрд. теңге (91,6%) және жеке кәсіпкерлердің жарналары 335,6 млн.тенге (8,3%).

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Болашақта, 2020 жылдың қаңтарынан бастап МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтері барлық сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын болады.

4. Шетелдіктерге медициналық көмекті көрсету тәртібі

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 88-бабы 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда көрсетілген тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (емханаға) еркін түрде тіркелуге жіне медициналық қызметтерді алуға құқығы бар. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1,7 млрд қаражат көзделген.

 

5. Қор филиалының қызметі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлейтін ұйым. Қор 2018 жылдың 1 қаңтарынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және медициналық қызметтерге бірыңғай төлеушілер үшін оператор болып табылды.

Қазіргі таңда, Ақмола облысы филиалының жеткізушілері саны 55 медициналық ұйым, олар медициналық қызметтерді жеткізуші және бірлесіп орындаушылар болып табылады, алардың арасында: 35 - мемлекеттік және 20 жеке меншік медициналық ұйымдар (35,7%). Былтырғы жылмен салыстырғанда, жеке меншік жеткізушілердің саны 17% өскен («Көз орталығы» ЖШС, «INVIVO» ЖШС, "Жанұя " - Қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы " ЖШС). Биылғы жылы Ақмола облысы бойынша 23 емханалар (сонымен қоса Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы 1 жаңа емхана) халықтың теркелуін орындайды.

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмекті ұсыну тәртібі

I. ТМККК шеңберіндегі барлық азаматтар үшін медициналық көмек:

· жедел медициналық көмек және санитарлық авиация;

· алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

· жедел стационарды алмастыратын медициналық көмек;

· жедел стационарлықмедициналықкөмек;

· паллиативтік көмек.

Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, психикалық бұзылыстар, онкологиялық аурулар және ЖИТС) мен негізгі созылмалы аурулар (олардың ішінде жиі кездесетіндерөқант диабеті, күретамырлы қысымның көтерілуі, вирусты гепатит, бауыр циррозы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, эпилепсия және т.б.) және қоршаған адамдарға қауіп төндіретінаурулары бар тұлғалар үшін тегін түрде кеңес-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәмекпен қамтамасыз ету, жоспарлық стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, туберкулез ауруы бойынша медициналық оңалту көрсетілетін болады.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ол не? Ол амбулаториялық-емханалық ұйымында жалпы тәжірибелі дәрігер, терапевт, педиатр, акушермен көрсетілетін медициналық қызметтер. Бұның барлығы тегін болады. Бұған шағымдардың пайда болған кезде мамандардың кеңес беруі, кәсіби сараптама, скрининг, баладардың патронажы, жүкті әйелдерді бақылау, әлеуметтік мәні бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау.

 

II. Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакеті

1.кеңес-диагностикалықкөмек;

2.ТМКККтыс аурулар бойынша амбулаториялық дәрі-дәмекпен қамтамасыз ету;

3.ТМКККтыс аурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек;

4.ТМКККтыс аурулар бойынша жоспарлық стационарлық көмек;

5.Профиль бойынша ересектер мен балаларға арналған медициналық оңалту: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология и ортопедия.

 

Қандайбасымдылықты сақтандырылған азаматтар МӘМС ала алады?

1. Азаматтардың медицинаға арналған жеке шығындарының азаю

2. Медициналық көмектің тиімділігі және сапалығы

3. МӘМС пакеті сомаға шектелмейді және жарнаға тауелді емес

4. Жоғарытехнологиялық оталар МӘМС пакетіне кіреді

5. Қымбат тұратын диагностикалық қызметтер(КТ, МРТжәне т.б.) МӘМС пакетіне кіреді

6. Дәрігерді ерікті таңдау

7. Жеке меншік емдеу мекемелерінде тегін турде медициналық қызметтерді алуға болады

 

Медициналық қызметтерді көрсету

"Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтамалар беру" мемлекеттік қызметі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен енгізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және оның нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

 

МӘМС-ға арналған артық және қателікпен төленген

жарналарды/аударымдарды қайтару тәртібі

 

1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының«Әлеуметтік төлемдерді ведомствааралық есептеу орталығы» Департаментіне жүгіну қажет;

2. Ақшаны қайтару үшін растаушы құжаттардың қосымшасымен орнатылған түрде арызды толтыру қажет;

3. Мемлекеттік корпорациясы5 операциялық күннің ішінде есепке алынған деректі тексереді, сонан соң арыз «МӘМС» КЕАҚ жіберіледі;

4. Қордың арызды қарастыру мерзімі – 7 операциялық күн.

 

Кім жарналарды төлеуден босатылады?

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларында отырған тұлғалар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағыналған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Анадаңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелі күш ай ішінде орта, техникалықжәнекәсіптік, орта білімненкейінгі, жоғарыбілім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

 

«Міндетті медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы

Халықты ақпараттандыру және өтініштерді

қарастыру бөлімі

 

Анықтама телефоны: 91-18-03