Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Жаңалықтар

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы 2015 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша «Аршалы аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК қызметінің талдауы

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы 2015 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша «Аршалы аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК қызметінің талдауы

2015 жылдың қаңтарынан бастап төсек желісі өзгертілді, тәулік бойғы стационардың 5 төсегі қайта бейіндендірілді:

АОА желісі 70 төсекті тәулік бойғы стационармен, соның ішінде 15 төсегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, 75 төсекті күндізгі стационармен (соның ішінде стационар жанындағы күндізгі стационарда 25 төсек, емхана мен ДА жанындағы күндізгі стационарда 50 төсек) көрсетіліп отыр. БМСК ұйымдарының желісі өзгеріссіз (ауысымына 200 адамды қабылдай алатын емхана, жалпы алғанда 340 адамды қабылдай алатын 8 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 16 медициналық пункт).

БМСК материалдық-техникалық базасы. 8 дәрігерлік амбулаторияның 4-і, яғни 50%-ы, бір үлгідегі ғимаратта орналасқан(Түрген, Жібек жолы, Ижев, Анар), 2-і(25%) талапқа сәйкес келмейді(Бұлақсай, Арнасай).

Михайловка дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта қабылдау комиссиясына құжаттар әзірленіп жатыр.

Жібек жолы дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізу қажет.

16 МП-дан талапқа сай келмейтіні 3 – 18,75%(Бабатай, Ақжар, 42-разъезд). Ольгинка МП-ға жөндеуді қажет етеді. Донецкіде МП үшін жай жоқ, сондықтан оны жабу қажет, өйткені ол Арнасай дәрігерлік амбулаториясынан 3 шақырымнан жақынырақ орналасқан.

Барлық ДА, МП, ФАП-тарға телефон қосылды, санитарлық автокөлікпен 8 ДА, 3 ФАП қамтамасыз етілді. Бұлақсай, Константиновка ДА санитарлық автокөліктері ауыстырылды.

Бұлақсай мен Арнасай ауылдарында бір үлгідегі дәрігерлік амбулаториялар салу үшін қажетті рұқсаттау актілері мен құжаттар дайындалды.

ҚР ДСМ-ның 2010 жылғы 27 қазандағы «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жабдықтаудың ең кіші стандарттарын(нормативтерін) бекіту туралы» №850 бұйрығының нормативтеріне сәйкес медициналық жабдықпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталғандық ДА-да – 64,63%-ға қарсы 64,72%, МП-да – 76,95%-ға қарсы 77,4%, ФАП-та – 77,87%-ға қарсы 75,87%, АОА-да – 64,03%-ға қарсы 63,97% құрады.

Кадрлар.Ауданда 42 дәрігер мен 150 орта білімді медициналық жұмыскер, 3 фармацевт жұмыс істейді(2014ж 1 жартыжылдығында – 50 дәрігер мен 145 ОБМЖ).

Медициналық жұмыскерлермен қамтамасыз етілгендік:

дәрігерлермен 18,5-тен 15,5-ке төмендеді,

орта білімді медициналық жұмыскерлермен 53,56-дан 55,3-ке өсті.

16 дәрігер, оның 1-еуі жоғарғы, 8-і бірінші, 7-еуі екінші біліктілік санатына ие. Дәрігерлердің санаттанғандық пайызы өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 32,0-ге қарсы 38,1 құрады.

Орта білімді медициналық жұмыскерлерден 55-і біліктілік санатына ие. Оның жоғарғысы – 17, біріншісі – 19, екіншісі – 19. ОБМЖ санаттанғандық пайызы 46,9-дан 36,7-ге түсіп қалды.

Жарты жыл ішінде ауданға 3 ОБМЖ келді. 5 медициналық жұмыскер кетіп қалды, 3 дәрігер мен 2 орта білімді медициналық жұмыскер.

Дәрігерлік кадрлармен толықтырылғандық – 63,6%, орта білімді медициналық жұмыскерлермен – 83,2% құрады. Штаттық кестеде барлығы дәрігерлерге 66,0 ставка, орта білімді медициналық жұмыскерлерге 179,0 ставка бар.

Біліктілікті арттыру жоспары мамандарды мамандандыру және қайта даярлау қажеттігі ескеріліп жасалды. Жыл бойы 12 дәрігер мен 7 ОБМЖ-ның біліктілігін арттыру жоспарланды. Жарты жылдың ішінде 12 дәрігер мен 10 ОБМЖ білімін жетілдірді.

Ауданда 2015 жылдың 01 қаңтарына Статистика департаментінің деректері бойынша 27101адам тұрады, тіркелген халық саны – 26828, соның 6898-ібала, соның ішінде 1167-сіжеткіншек, 146-сы 1 жасқа дейінгі бала, бала туатын жастағы әйел саны - 6789. Әйелдер – 13111, ерлер – 13725 адам.

Ауданда 2015 жылдың 1жыртыжылдығында 228 нәресте дүниеге келді, туылушылық 7,5-ке қарсы 8,4. Бір жасқа дейінгі балалардан 1 бала қайтыс болды, қайтыс болған 1-ден 5 жасқа дейінгі бала – 0.

Демографиялық көрсеткіштер былтырғы жылдың ұқсас кезеңіменсалыстырғанда келесідей:

 

 

2014 жылдың 1 жартыжылдығы

2015 жылдың 1 жартыжылдығы

Туылушылық

7,5

204

7,4

228

Өлім-жітім

5,35

145

4,12

112

Табиғи өсім

+2,15

59

+4,28

116

Нәресте өлімі

2,5

2

0,9

1

Бала өлімі

37,5

3

0

0

Ана өлімі

0

0

0

0

 

Аудан халқына амбулаториялық-емханалық көмекті 15 мамандық бойынша аудандық емхана және 8 ДА көрсетеді, мамандар 36042-геқарсы 37273 келімқабылдады, бұл өткен жыл деңгейінен 1231-ге көп.Ауданның 1 тұрғынына келім көрсеткіші 1,3-ке қарсы 1,4.

Алғашқы сырқаттанушылық өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9651 – 2613 жағдайдан 9523,6 – 2581жағдайға дейін азайды.

 

Нозология

Сырқаттанушылық

 

2014 ж 1 жартыжылдығы

абс/көрсеткіш

2015 ж 1 жартыжылдығы

абс/көрсеткіш

Алғашқы сырқаттанушылық

4398

16244,9

4124

15217,2

Ересектер сырқаттанушылығы

2194

10856,5

2073

10243,6

Жеткіншектер сырқаттанушылығы

518

43456,4

469

39345,6

Балалар сырқаттанушылығы

1686

29893,6

1582

27725,2

 

Нозология

Сырқаттанушылық

 

2014 ж 1 жартыжылдығы

абс/көрсеткіш

2015 ж 1 жартыжылдығы

абс/көрсеткіш

Алғашқы сырқаттанушылық

4398

16244,9

4124

15217,2

Қаназдық

77

284,4

36

132,8

Қанайналым жүйесі аурулары

81

299,2

64

236,2

Оның ішінде: - ЖИА

26

128,6

15

74,1

- миокардтың жіті инфаркты

6

29,7

5

24,7

- артериялық гипертензия

35

173,2

38

187,8

- церебрваскулярлық аурулар

14

69,3

5

24,7

Онкологиялық аурулар

34

168,2

25

123,5

Қантты диабет

17

84,1

25

69,2

Құрт ауруы(туберкулез)

10

36,9

12

44,3

Психикалық бұзылулар

5

24,7

3

14,8

Наркологиялық бұзылулар

20

98,9

12

44,3

Мерезбен сырқаттанушылық

3

14,8

2

9,9

Жалпы жарақаттылық

205

757,2

151

557,1

 

2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы сырқаттанушылық көрсеткішінің 16244,9-дан 15217,2-ге төмендегені байқалады.

Аурулар арасында қанайналым жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 299,2-ден 236,2-ге азайған, соның ішінде церебр васкулярлық аурулармен 69,3-тен 24,7-ге, ЖИА-мен 128,6-дан 74,1-ге. Сондай-ақ қаназдықпен сырқаттанушылықтың 284,4-тен 132,8-ге, онкологиялық аурулармен 168,2-ден 123,5-ке, қантты диабетпен 84,1-ден 69,2-ге төмендегені байқалады. Жалпы жарақаттылық көрсеткіштері 1,3 есе төмендеген.

Бірақ, мұнымен қатар туберкулезбен сырқаттанушылық 36,9-дан 44,3-ке артқан.

Жедел жәрдем бойынша шақырулар санының 1,1 есеге азайған, жедел жәрдемге жүгінушілік 213,2-ден 198,3-ке азайды. Емхананың жұмыс уақытындағы шақырулардың үлес салмағы 1,9 есе төмендеген (219-дан 117-ге). Созылмалы науқастарға шақыру саны 713,-тен 687-ге түсті. Мониторинг жасалатын аурулар бойынша шақырулар 10,3%-ға төмендеді, алайда ЖИА (1,1-ден 2,4-ке), қантты диабет (0,3-тен 0,9-ға) сынды аурулар бойынша шақыру саны өскен.

Өлім құрылымы:

 

Нозология

Өлім

2014 ж 1 жартыжылдығы

абс/көрсеткіш

2015 ж 1 жартыжылдығы

абс/көрсеткіш

Жалпы өлім

145

5,35

113

4,15

Құрт ауруы(туберкулез)

0

 

0

 

Онкологиялық патология

17

62,69

8

29,39

Қанайналым жүйесі аурулары

35

129,1

32

117,6

Олардан: - артериялық гипертензиядан

0

 

1

3,7

-ЖИА-дан

15

55,3

17

62,5

-миокардтың жіті инфарктынан

2

7,37

3

11,02

-церебрваскулярлық аурулардан

8

29,5

6

22,05

Тыныс ағзалары аурулары

8

29,5

19

69,81

Жарақаттар, оқыс жағдайлар

22

81,1

18

66,14

Кәрілік

37

136,4

4

14,7

 

Ауданда 1 жыртыжылдық қорытындысы бойынша 113 адам қайтты (2014 жылы 145 болатын). Үлес салмақ 5,35-тен 4,15-ке төмендеді.

Үлес салмағы бойынша өлім құрылымында:

- бірінші орында32 жағдаймен (28,7%) жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (2014 ж ұқсас кезеңінде 35 жағдай – 24,1%);

- екінші орында19 жағдаймен – 16,8% тыныс ағзалары аурулары (2014 ж ұқсас кезеңінде 5,5% болған);

- үшінші орында18 жағдаймен – 16% жарақаттар мен уланулар (былтыр 22 - 15%).

Онкологиялық аурулардан өлім 8 жағдайда тіркелді – 7,1%, бұл өткен жылдың 17 жағдайына – 11,7% қарсы.

Кәрілік себепті болған өлім диагнозы 4 жағдайда қойылды (2014 жылы 37 болатын).

Диспансерлік есепте барлығы 5002 науқас тұр (2014 жылы 5048 тұрған), диспансерлік науқас санының 1 мың халыққа шаққанда 244,6-ға қарсы 265,5 құрап отыр. 1 дәрігерлік дауазымға шақ келетін Д науқас саны 2,9 құрады. Халықты диспансерлік қадағалаумен қамту 24,5-ке қарсы 26,5. 2015 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде Д есепке 419 науқас алынды. Д есептен сауығуына байланысты 104 адам алынып тасталды.

Жүкті және бала туатын жастағы әйелдерді қадағалау.

1 жыртыжылдыққа өткен жылғы 182-ге қарсы 122 жүкті әйел, оның ішінде жүктіліктің 12 аптасына дейінгі 92 әйел бақылауға алынды, ерте келіп көріну пайызы өсіп, 70,9-ға қарсы 75,4 құрады.

Жасалғанмедициналық жасанды түсіксаны 40-тан59-ға көбейді, бойжеткендерден жасанды түсік жасатқанытіркелмеді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы мәліметтер туберкулезбен сырқаттанушылықтың өскенінекуәлік етеді. 1 жартыжылдыққа 10-ға қарсы12адам туберкулезбен ауырған. Анықталғандардан 3 науқас бактерия таратушы, бұл 25%құрады, ерте кезеңде 1, профтексеру арқылы 7, жүгіну нәтижесінде анықталды.Аурудың қайталануы 3 жағдай, оның ВК «+» 2 жағдай, ВК «-» 1 жағдай.

Туберкулезді науқаспен байланысушы есептелетін 40 адам қадағалауға алынды, соның ішінде 20-сы ересек, жеткіншегі 5, 15 бала. Байланысушылар арасында ауырып қалғаны жоқ.

1 жартыжылдық бойынша туберкулездің жұққыш түрімен ауыратыны 28, соның бацилла тарататыны 10 (35,7%). Ауырғыштық көрсеткіші 92,2-ге қарсы 103,3 құрап отыр.

1 жыртыжылдыққа бактериоскопия әдісімен дигностикалау мақсатында 109 адам тексеріліп, туберкулезбен ауыратын 3 адаманықталды. Анықталушылық 2,7.

Туберкулезбен ауыратындарды анықтау мақсатында флюорографиялық әдіспен 5706 адам тексерілді, бұл жылдық жоспардың 38%-ын құрайды. Флюорографиялық әдіспен туберкулезбен ауыратын 7 науқас анықталды, анықталушылық 0,1. Туберкулинодиагностикалық әдіспен жоспарланған 2782 баланың 1794-і, яғни 64,5%-ы тексерілді. Виражбен 62 бала анықталды.Анықталған балалардың барлығы «Д» есепке алынып, химиопрофилактика тағайындалды.Шипажай түріндегі МДБМ-да 17 бала, «Бурабай» шипажайында 11 бала, «Жұлдыз» мектеп-интернатында 14 бала сауықтырылды.

Жергілікті бюджеттен 476680 мың теңге көлемінде туберкулезбен ауыратын 16 науқасқа материалдық көмек көрсетілді. Ыстық тамақпен тиісті 6 мектеп оқушысының 6-ауықамтамасыз етілді. Емі аяқталған соң 2 науқас жұмысқа орналастырылды.

Онкологиялық патологиямен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеді, 34-ке қарсы 25 жағдай тіркелді.Бұл ретте сырқаттанушылық көрсеткіші 125,6-ға қарсы 92,2 құрады.Бұл орайда, аурудың асқынған түрімен анықталғандардың үлес салмағы 23,1 – 3 жағдайдан 11,1 – 1 жағдайға азайды. Онкологиялық аурулардың ерте сатыларда анықталушылығы 69,2 – 9 жағдайдан 55,5 – 5 жағдайға төмендеді. Обырдың көрінеу орналасқан түрімен былтырғыдай 3 жағдай – 33,3 анықталды.

Онкологиялық аурудан 17-ге қарсы 8 науқас қайтыс болды, өлім көрсеткіші 62,69-дан 29,34-ке төмендеді.

Стационар жұмысы:Төсектермен қамтамасыз етілгендіккөрсеткіші 2014 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғандатөмендеп,27,7-ге қарсы 25,7 құрады.

Қаржыландырудың барлық түрі бойынша:

Көрсеткіштер

2014 ж 1 жартыжылдығы

2015 ж 1 жартыжылдығы

Шығарылған науқастар

1104

1166

Қайтыс болған науқастар

12

15

Өткізілген төсек-күндер

9274

9668

Төсек жұмысы

63,4

65,9

Төсек айналымы

15,6

16,6

Орташа төсекке жату

8,4

8,1

Өлім-жітім

1,1

1,1

 

Ағымдағы жылдың 1 жыртыжылдығына тәулік бойғы стационар жағдайларында 70 төсекте 1166 науқас жатып емделген, оның 15-і қайтыс болған.

Төсектің босамаушылығы өсіп, 63,4-ке қарсы 65,9 құрады. Төсекке жатудың орташа көрсеткіші науқастардың күндіз келіп емделетін стационарда толық емделуі себепті 8,5-тен 8,1-ге азайды. Алайда өлім көрсеткіші 1,1-ден 1,3-ке артқан, төсек айналымы 7,4-ке қарсы 8,8 құраған. Жедел жатқызу көрсеткіші төмендеп, 78,8-ге қарсы 72,9 құрады. Барлығы жедел жатқызылғаны 408 науқас, былтыр 445 болған.

Хирургиялық бейіндегі бөлімшелерде 200-ге қарсы 207 науқас емделіп шықты, 105 ота (75 жедел ота және 27 жоспарлы). Жоспарлы ота кезіндегі хирургиялық белсенділік 60, жедел ота кезінде 46,4 құрады.

Босандыру бөлімшесінде 37 босану болды. Бойжеткендерден босанғаны – 0, былтыр 1 болған. АОА стационарында перинаталдық өлім мен шарананың өлі туылу жағдайлары тіркелмеді. Өңірлендіру қағидатын сақтаудың арқасында нәрестелер сырқаттанушылығы 10-нан (38,5) 1-ге (5,0) дейін қысқарды.

Стационар алмастыратын көмек.Күндіз келіп емделетін стационардағы 75 төсекте (АОА стационары жанында 20 төсекті және емханасы мен 6 дәрігерлік амбулаториясы жанында 50 төсекті күндізгі стационар жұмыс атқаруда) өткен жыл деңгейіндегі 732-ге қарсы 687 науқас емделіп шықты. Олар 5263 төсек-күнін өткерді, төсекке жатудың орташа көр-ші 7,5.

Халықтың мақсатты топтарын медициналық тексеруден өткізу үшін жауапты тұлғалар тағайындалды, ауа-райы жағдайлары ескеріліп, кесте-жоспар жасалды. Медициналық тексеруден өткізу бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

Профилактикалық тексерулер жүргізіліп, электронды нұсқадағы бағдарламаға деректер енгізілді:

Нозология

Жоспар

тексерілгені

%

анықталғаны

%

«Д» есепке алынғаны

1

ҚЖА

3112

1806

58,0

38

2,1

38

2

Қантты диабет

3112

1803

57,9

3

0,2

3

3

Глаукома

2955

1895

64,0

0

0

0

4

СБО

750

421

56,1

3

0,7

3

5

ЖМО

670

418

62,4

1

0,2

1

6

ТІО

1500

987

65,8

0

0

0

7

БАЛАЛАР

6481

4295

66,3

243

5,7

88

 

Көшпелі бригадалар жұмысы:

Аудандық емхана мамандары ауылдық елді мекендер мен БМСК ұйымдарына өткен жыл деңгейіндегі 15-ке қарсы 18 жол жүрді. Амбулаториялық қабылдауда 974 науқас, оның 718-і алдын алу тексеруінен өткізу мақсатында қабылданды. Соның ішінде 1 жасқа дейінгі 55 бала, 197 жеткіншек, 4 жүкті қабылдауда болды. 12 науқас үйінде тексерілді.

Ауданның медициналық жұмыскерлерімен 4 медициналық Кеңес отырысы, 22 семинар өткізілді.

 

 

«Аршалы аудандық орталық ауруханасы»

ШЖҚ МКК бас дәрігері С.Қ. Сембиев