Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Перзентхана бөлімшесі

Босандыру бөлімшесінің меңгерушісі
Акушер-гинеколог дәрігер
Широких Олеся Анатольевна

Босандыру блогінде босанар алдындағы палата және жалпы босану залы бар. Босанар алдындағы палатада әйел босанудың бірінші кезеңін, толғақ кезеңін өткереді. Күшенетін кезең басталған соң әйелге босану залына ауысуға тура келеді. Егер болашақ ана күйеуімен немесе басқа сүйемелдеушілермен бірге босанғысы келсе, оған босану жайында тек жеке бокста ғана ойлану керек, өйткені жалпы залға бөгде адамдар кіргізілмейді. Жақынының жанында болуы босану процесінің жақсы өтуіне себептеседі.
Бөлімше қауіпсіз ана қағидаты бойынша жұмыс істейді(тиімді перинаталдық технологиялар мен күтім).

 

Бұл қағидаттар жүктілерді психикалық тұрғыдан алдын ала дайындауды өз ішіне алады. Жеке босану палатасындағы жағдай үйдегіге барынша жақындатылған. Жүктілер мен толғатушыларға жылы шырайлы орналасатын жағдай жасалған, оларға медициналық жұмыскерлер мен жақын адамдары тарапынан эмоциялық тұрғыдан қолдау көрсетіледі, босану кезіндегі жекешелік, яғни палатада бір толғатушы ғана болады, толғатушы еркін жатады. Босану кезінде дәрі-дәрмектер өте аз қолданылады. Аздаған хирургиялық араласулар қатаң көрсетімдер бойынша жүргізіледі. Толғатушы әйелдің жақындарының: күйеуінің, анасының, құрбысының қатысуымен серіктестік босану үлкен қолданыста. Серіктестік босану саны барған сайын көбейіп барады.

Босандыру бөлімшесі біліктілігі жоғары мамандармен толықтырылған, ол болса мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Бөлімшеде 4 акушер(олардың 2-еуінде ІІ-санат бар) және 4 балалар мейірбикесі (олардың 2-еуі І-санатты) жұмыс істейді. Медициналық жұмыскерлердің барлығы қауіпсіз ана қағидаттарына оқытылған.
Бөлімше анасының да, баласының да денсаулығын қадағалап отыруға және емдеуге мүмкіндік беретін заманауи аппараттармен жабдықталған.
Нәрестелерге арналған ӨҚЖ (өкпені қолдан желдету), нәрестелерге арналған қарқынды терапия инкубаторы, мөлшерлеуіш, бала кардиомониторы, КТГ аппараты, электрсорғыш, нәрестелерге арналған жылытуы бар реанимациялық үстел
Бөлімшеде анасы мен баласы бірге жататын, жүктілер патологиясына арналған төсектер бар.
Дәрігерлер көрсетімдер бойынша отаның жоспарлы және жедел түрлерін жасай алады: Кесір тілігі, жатырды отау, хирургиялық стерильдеу.