Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Емхана

Емхана «Аршалы АОА» ШЖҚ МКК ең маңызды бөлімшесі болып табылады.

Аурухана аумағындағы екіқабатты ғимаратта орналасқан.
Емханада қабылдауды хирург, терапевт, педиатр, жасөспірімдер дәрігері, дерматовенеролог, гинеколог, көз дәрігері, стоматолог, невропатолог, онколог, психиатр, нарколог сынды білікті дәрігерлік санаты бар тәжірибелі дәрігер мамандар жүргізеді.

Бүгінде аудан тұрғындары ДА, МП-ларға алғашқы қабылдауға келумен қатар, емханада 19 мамандық бойынша білікті көмек ала алады. Диагностикалау мен емдеуде медициналық қызметкерлерге жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған УДЗ, диагностика, фиброгастроскопия кабинеттерінің, функционалдық диагностика, рентген және флюорография кабинеттерінің, физиологиялық кабинет пен кдиникалық зертхананың көмегі орасан зор.
Диагностикалық база заманауи жабдықпен жабдықталған.

Емхана ота жасатқан әрі ауыр сырқаттарды басынан кешірген адамдарды медициналық оңалту мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Бұның дәлелі оңалту базасының қуаттылығы: күндізгі стационар, физиотерапия.

Диагностикалық зерттеулердің толық спектры ұсынылады:
рентгенологиялық диагностика
ішперде қуысы органдарын, бүйректі, кіші жамбасты, еркекбезді, жүрек-қантамыр жүйесін ультрадыбыстық диагностикалау
эндоскопиялық диагностика
функционалдық диагностика (ЭКГ,  ЭХО-КГ, ЭЭГ)
зертханалық диагностика
Төмендегі адамдарға медициналық тексеріп-қарау жүргізіледі:
автокөлік жүргізушілеріне; қоғамдық тамақтану, сауда саласының жұмыскерлеріне; санитарлық кітапшаны толтыра отырып, жолсеріктерге; қару алып жүруге рұқсат бере отырып, әскерилендірілген күзет жұмыскерлеріне; шетелге кететіндерге; спортпен және сауықтыру топтарында шұғылдану үшін; оқу орындарына түсерде абитуриенттерге.
Басқа қызметтер:
күндізгі стационар
дәрігерді үйге шақыру
иммундандыру
шипажай-курорттық картаны толтыру

Бүгінде аудан тұрғындары ДА, МП-ларға алғашқы қабылдауға келумен қатар, емханада 19 мамандық бойынша білікті көмек ала алады. Диагностикалау мен емдеуде медициналық қызметкерлерге жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған УДЗ, диагностика, фиброгастроскопия кабинеттерінің, функционалдық диагностика, рентген және флюорография кабинеттерінің, физиологиялық кабинет пен кдиникалық зертхананың көмегі орасан зор.

Диагностикалық база заманауи жабдықпен жабдықталған