Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Біз туралы

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы
«Аршалы аудандық орталық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Меншік түрі: Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Аршалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Басшысы: «Аршалы аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Сембиев Сәндібек Құрманғалиұлы.

Негізгі қызмет түрі: аудан халқына акушерлік, гинекологиялық, терапиялық, хирургиялық, педиатриялық, жұқпалық бейіндер бойынша стационарлық, стационар алмастыратын, шұғыл, жоспарлы медициналық көмек көрсету.

Орналасуы: Аурухана кешені Аршалы кентінде арнайы тұрғызылған ғимаратта орналасқан. Қызмет көрсететін халқының саны 27101 адам.

Аршалы АОА емханасы бар стационар және 28 құрылымдық бөлімшеден(8 ДА, 4 ФАП және 16 МП) тұрады. 2015 жылдың 01 қаңтарына тәулік бойғы стационардағы төсек саны 70, оның 55 төсегі Республикалық бюджеттен және 15 төсегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, сонымен қатар күндіз келіп емделу үшін 75 төсек ашылған, оның 25-і АОА-да, қалған 50 төсегі дәрігерлік амбулаторияларда.

Келесі бейіндер бойынша амбулаториялық қызмет көрсетіледі: терапиялық, педиатриялық, хирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық, дерматовенерологиялық, стоматологиялық. Кәсіби аурулармен айналысатын мамандар: эндокринолог, онколог, психиатр, нарколог, невропатолог, дерматолог, окулист.

Қызмет мақсаты: халық денсаулығын емдеу-алдын алу және сауықтыру іс-шараларын өткізу жолымен сақтау және қалпына келтіру.

Ғылыми әлеует, науқастарға мұқият қарау, медицина саласындағы соңғы техникалық жетістіктерді пайдалану және ақ халатты жандардың жан жылуы – осының бәрі өз денсаулығына, туысқандары мен жақындарының денсаулығына бей-жай қарамайтын адамдарды Аршалы аудандық орталық ауруханасында күн сайын, жыл сайын күтіп тұрады.

Біздің Миссиямыз:

Қолжетімді, сапалы медициналық көмек көрсету, аудан халқының денсаулығын емдеу және аурудың алдын алу технологиялары мен әдістерін пайдалану, науқастардың сеніміне қол жеткізу жолымен жақсарту, өз денсаулығына саналы қарым-қатынас қалыптастыру.

Этический Кодекс

КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Біздің Елестетуіміз:

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды алдын алудың, диагностикалаудың, емдеудің және науқастардың денсаулығын ұзақ қадағалаудың кешенді қағидаттарын енгізу жолымен жүзеге асыруға негізделген білікті медициналық көмектің жоғары сапалы болуы.

Біздің Моральдық құндылықтарымыз:

1. Тіркелген халықтың сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін қолжетімді білікті әрі мамандандырылған медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру.

2. Ұйымның менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыру.

3.Науқастардың қайғысына ортақтаса алатын білікті, ақжарқын әрі қайырымды қызметкерлер.

4. Жеке адамның тұрақты кәсіби өсуіне әрі өз-өзін көрсете алуға себептесетін корпоративтік мәдениет.

5.Аурухана қызметі үдерісінің жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу.

6. Әуенді жұмыс жағдайы, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау.

7. Аурухананың әдептік құндылықтары (әдеп кодексі).

Бүгінде аудан тұрғындары ДА, МП-ларға алғашқы қабылдауға келумен қатар, емханада 19 мамандық бойынша білікті көмек ала алады. Диагностикалау мен емдеуде медициналық қызметкерлерге жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған УДЗ, диагностика, фиброгастроскопия кабинеттерінің, функционалдық диагностика, рентген және флюорография кабинеттерінің, физиологиялық кабинет пен кдиникалық зертхананың көмегі орасан зор.